Қарағанды қаласында «Қарағандыэнерго саласы» ЖШС-ның жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметіне өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (мекенжайы: Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6 үй, тел.: 8 (7212) 42-67-00, 41-18-27, ресми сайт: http://www.gov.kz/memleket/entities/krem) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес, «Қарағандыэнерго саласы» ЖШС өтінімін қарауға байланысты жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.
Тыңдау күні мен уақыты:
- 2025 жылғы 21 шілде, сағат 11:00-де
- Өтетін орны: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Муканов көшесі, 59 ғимарат
- Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн: https://www.facebook.com/dkrem.krg
Жария тыңдауларға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.
Байланыс телефондары:
- Департамент: 8 (7212) 90-03-44, 90-03-46
- «Қарағандыэнерго саласы» ЖШС: 8 (708) 674-52-86
ХАБАРЛАНДЫРУ !!!
Кім: ЖШС «Қарағандыэнерго саласы»
Қашан: 2025 жылғы 16 шілде, сағат 10:00
Қайда: Мұқанов көшесі, 59, әкімшілік ғимарат (2-қабат)
ЖШС «Қарағандыэнерго саласы» 2025 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп береді (жария тыңдау нысанында).
Тыңдау барысында мына мәселелер қаралады:
- бекітілген тарифтік сметаның орындалуы,
- бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы,
- сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы,
- электр энергиясын беру қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу.
Онлайн-трансляция ZOOM платформасында өтеді.
Конференция идентификаторы: 774 414 8050
Қатынас коды: 123kes
Жария тыңдау Instagram парақшасында қатарлас көрсетіледі:
@karagandyenergo_salasy
Әкімшілік
Хабарландыру !!!
Кім: "Қарағандыэнерго саласы" ЖШС
Қашан: 2025 жылғы 16 сәуір, сағат 10:00-де
Қайда: Мұқанов көшесі, 59 (2-қабат), әкімшілік ғимарат
"Қарағандыэнерго саласы" ЖШС тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2024 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды. Тыңдау барысында:
- электр энергиясын беру қызметі бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы,
- инвестициялық бағдарламаның орындалуы,
- сапа және сенімділік көрсеткіштері,
- қызмет тиімділігі бойынша есеп беріледі.
Тыңдау ZOOM платформасында онлайн режимде жүргізіледі.
Конференция идентификаторы: 823 3907 6368
Кіру коды: OCYvUi
Қоғамдық тыңдау Instagram парақшасында да тікелей эфирде таратылады:
@karagandyenergo_salasy
Әкімшілік